"Балбөбек" ата-аналарға арналған консультациялық пункт
"Кривощеково орта мектебі" КММ жанындағы "Балбөбек" ата-аналарға арналған консультациялық пункт қызметі Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылатын білім беру ұйымының бөлімшесі ретінде мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналары үшін Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандартын және осы Қағидаларды талап ете отырып құрылады.
КПР жұмысының мақсаты мен міндеттері
КПР қызметін құру мен ұйымдастырудың мақсаты отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету; ата-аналарға баламен психологиялық-педагогикалық өзара іс-қимылдың мазмұнын, құралдары мен тәсілдерін тиімді іріктеуді қамтамасыз етуде психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың жеке басының жан-жақты дамуын қолдау болып табылады.