Директор блогы

Құрметті әріптестер, оқушылар, мектеп түлектері және ата аналар, сіздермен Кривощеково орта мектебінің арнайы сайтында қауышқаныма қуаныштымын!

Рашева Зарина Алимовна

Сайтта ең маңызды оқиғалар мен мектеп жаңалықтары, оқу және тәрбие процесін қалыпқа келтіретін неғізгі нормативтік актілер, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер жайлы ақпараттар орналастырылған. Әрқайсыңыз өзіңізге қажетті және пайдалы жаңашылдықты біздің виртуалды алаңнан таба аласыз. Біздің балаларымызға білім  беру барысындағы керемет серіктестеріміз: ата-аналар, мектеп түлектері , мектебіміздің достары. Тәрбиеленушілерімізге қамқор болу да, білім беру де және мектептің дамуына белсене ат салысып, шет қалмай, үлес қосқан жандарға алғысымыз шексіз!Балаларға білім және тәрбие беру - біздің ортақ ісіміз!Мектебіміздің жұмысын ашық және айқын көрсету мақсатында,білім алушыларға оңтайлы жағдай жасау мақсатында сайт құрылды.Сайтта білім алу процесінің қатысушылары кенеттен орын алған келеңсіз жағдайдан арылып,өздерін еркін сезінуге көмектесетін,кез келген жағдайларға жедел түрде елең ету мақсатында кері байланыс беру формасы ашылған.

Оқушыларға білім беру және мектеп жұмысын ұйымдастыруда сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды күтемін!