🏀🏐🏓 СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ЖЕТІСТІК КЕПІЛІ! 💪
🏀🏐🏓 СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ЖЕТІСТІК КЕПІЛІ! 💪
Мектебімізде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында спорттың әртүрлі түрлері бойынша спорттық секциялар тұрақты түрде өткізіледі.
🎯 Негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене қабілеттерін дамыту және балаларды бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге баулу.
🏆 Спорттық секциялардағы жаттығулар оқушылардың төзімділігін, ептілігін, күш-қуатын, тәртібін, командалық рухын және жеңіске деген ұмтылысын арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар өзара сыйластыққа, жауапкершілікке, достыққа және бірлесіп әрекет етуге тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді.
✨ Спорт – бірлікке баулиды, денсаулықты нығайтады және мінезді шыңдайды!
Біздің мақсатымыз – әрбір оқушының өз қабілетін ашуына, сүйікті спорт түрін таңдауына және спорттық жетістіктерге жетуіне қолайлы жағдай жасау!
 
Дата публикации: 19.11.2026