
«Бүгінгі дұрыс таңдау – ертеңгі табыс!»

Мектебіміздің 1–11 сыныптарының барлығында «Бүгінгі дұрыс таңдау – ертеңгі табыс. Салауатты өмірге қадам» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Сынып сағаттары барысында оқушылар пайдалы әдеттер, дене белсенділігі, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Бүгін жасалған әрбір таңдаудың денсаулығымызға, әл-ауқатымызға және болашағымызға әсер ететініне ерекше назар аударылды.

Салауатты болашақ бүгінгі дұрыс таңдаудан басталады!