🏆 Жүлделі орынмен құттықтаймыз!🎉
🏆 Жүлделі орынмен құттықтаймыз!🎉
📅 2026 жылғы 23 қарашада Сергеевка қаласындағы Creative IT-Center «ESIL.AI» орталығында цифрлық технологияларды насихаттауға және қатысушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған IT DAY іс-шарасы өтті.
🧠 Іс-шара аясында «Битва эрудитов 2.0» атты аудандық зияткерлік квиз-ойыны ұйымдастырылды. Қатысушылар өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлықтарын және командада жұмыс істей білу дағдыларын көрсетті.
🥉 Мектебіміздің мұғалімдерінен құралған «Найзағай» командасы жүлделі III орынға ие болды!
👏 Ұстаздарымызды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс, жарқын жеңістер мен сарқылмас күш-қуат тілейміз!
🌟 Ұстаздарымызбен мақтанамыз! Алар асуларыңыз көп болсын!
 
Дата публикации: 23.11.2026