
Жүлделі орынмен құттықтаймыз!


2026 жылғы 23 қарашада Сергеевка қаласындағы Creative IT-Center «
ESIL.AI» орталығында цифрлық технологияларды насихаттауға және қатысушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған IT DAY іс-шарасы өтті.

Іс-шара аясында «Битва эрудитов 2.0» атты аудандық зияткерлік квиз-ойыны ұйымдастырылды. Қатысушылар өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлықтарын және командада жұмыс істей білу дағдыларын көрсетті.

Мектебіміздің мұғалімдерінен құралған «Найзағай» командасы жүлделі III орынға ие болды!

Ұстаздарымызды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс, жарқын жеңістер мен сарқылмас күш-қуат тілейміз!

Ұстаздарымызбен мақтанамыз! Алар асуларыңыз көп болсын!