Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ – әр баланың құқығы!
🛡️ Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ – әр баланың құқығы!
📚 «Зорлық-зомбылық пен қатыгездіксіз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны және «Балалар құқығы – адам құқығы» акциясы аясында мектебімізде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ: әр баланың қорғалуға құқығы бар» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар өз құқықтарымен танысып, жеке қауіпсіздік, бір-біріне құрмет көрсету және зорлық-зомбылықтан қорғану мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар балалар көмек пен қолдау алу үшін хабарласа алатын 111 сенім телефоны туралы ақпарат алды.
❤️ Әр баланың бақытты әрі қауіпсіз балалық шаққа құқығы бар!
 
 
Дата публикации: 09.11.2026