🌈 ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ! 💙
ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ!
2026 жылғы 20 қарашада мектебімізде «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны және «Балалар құқығы – адам құқығы» акциясы аясында қорытынды флешмоб өтті.
Мектеп оқушылары қатыгездікке, зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы өз ұстанымдарын білдіріп, әрбір баланың бақытты балалық шаққа, құрметке, қамқорлық пен қорғалуға құқығы бар екенін атап өтті.
Флешмоб бірліктің, достық пен өзара сыйластықтың символына айналып, әрбір бала үшін қауіпсіз әрі мейірімді орта қалыптастырудың маңыздылығын көрсетті.
Біз мейірімділікті таңдаймыз! Біз достықты таңдаймыз! Біз зорлық-зомбылықсыз балалық шақты таңдаймыз!