🏃‍♂️ СЕРГЕК ТАҢ – СӘТТІ КҮННІҢ КЕПІЛІ! 💪
🏃‍♂️ СЕРГЕК ТАҢ – СӘТТІ КҮННІҢ КЕПІЛІ! 💪
КММ «Жалпы білім беретін мектепте» «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және мектептің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес әр сейсенбі сайын жалпы мектептік таңғы жаттығу өткізіледі! 🏫
🎯 Негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, дене белсенділігін арттыру және жас кезінен бастап өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көңілді әрі ырғақты әуенмен оқушылар бірлесе жаттығулар жасап, сергектік пен көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, жаңа оқу күніне күш-қуат жинайды! 🎶✨
💚 Дені сау ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы!
 
Дата публикации: 24.11.2026