WORLD CLEANUP DAY — 2026
2026 жылғы 19 қыркүйекте мектебімізде World Cleanup Day (Дүниежүзілік тазалық күні) экологиялық акциясы өтті.
Акция аясында ұстаздар мектеп аумағын таза әрі көрікті ету үшін бірлесе жұмыс жасады. Қатысушылар аумақты тазалап, қоқыстарды жинап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. 🌿♻️
Осындай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға және ғаламшарымыздың тазалығы әрқайсымыздан басталатынын түсінуге ықпал етеді!
Таза мектеп – таза Қазақстан- таза әлем! 🌎💚
 
Дата публикации: 19.09.2026