1-сыныпқа қабылдау және тіркеу

 

Ата-аналар немесе баланың басқа да заңды өкілдері 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдары алты жастағы және осы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды 1-сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

  • Ұсынылған құжаттарда және (немесе) олардағы мәліметтерде жалған ақпараттың анықталуы;

  • Ұсынылған құжаттардың 2018 жылғы 12 қазандағы №546 ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі;

  • Сыныптардың толып кетуі.

Құжаттарды eGov порталы арқылы тапсыру үшін қажетті тізім:

  1. Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші.

  2. №065-у үлгісіндегі денсаулық жағдайы туралы анықтама және баланың денсаулық паспорты (№052-2/у).

  3. 3x4 см өлшеміндегі екі фотосурет.

Сондай-ақ, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру eGov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

Дата публикации: 28.03.2025