1 қыркүйек – Білім күніне орай мектебімізде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.

1 қыркүйек – Білім күніне орай мектебімізде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып, еліміздің басты құндылықтары мен Конституцияның қоғамдағы маңызына арналды. Мектеп директоры ұстаздар қауымын, оқушыларды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алушыларға сапалы білім, жоғары жетістіктер және шығармашылық табыс тіледі. Жиын барысында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары көпшілік алдында өнер көрсетіп, өздерінің алғашқы қадамдарын нық сеніммен бастады. Сонымен қатар, оқушыларға адалдық, білімге құштарлық, азаматтық жауапкершілік және елжандылық құндылықтарының маңызы кеңінен насихатталды.

Дата публикации: 01.09.2026