Кеше, 3 қазанда, Ұстаздар күніне орай мектебімізде ерекше форматтағы Дублёр күні ұйымдастырылды
Кеше, 3 қазанда, Ұстаздар күніне орай мектебімізде ерекше форматтағы Дублёр күні ұйымдастырылды. Бұл күні жоғары сынып оқушылары ұстаздардың орнын басып, сабақ жүргізіп көрді.
Мектеп оқушылары өздерін мұғалім рөлінде сынап, жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін көрсетті. Ал ұстаздар қауымы оқушылардың белсенділігіне риза болып, жағымды әсер алды.
Мақсаты:ұстаз еңбегіне құрмет көрсету және оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту.
 
 
 
Дата публикации: 04.10.2025